Жылыжайда 504 түп кендір өсірген Өзбекстан азаматы ұсталды


Облыстық ІІД баспасөз қызметінің бейсенбіде таратқан хабарламасына сүйенсек, күдікті сейсенбі күні қамалған. ОҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мен Ордабасы аудандық ІІБ қызметкерлері полиэтиленмен жабылған сегіз жылыжайда есірткі өсірілгенін анықтаған.
Тәркіленген 504 түп кендірдің жалпы салмағы үш тоннадан асады.
Кендірді өсіріп, марихуана сатумен айналысқан адам Өзбекстан азаматы болып шықты. 34 жастағы еркек тұтқынға алынып, тергеу амалдары жүріп жатыр.