Жылжымайтын мүлік салығын тек оның құны 50 - 70 млн теңгеден кем болмағанда ғана ұлғайту қажет - сарапшы

Үкіметтің құны 30 млн теңгеден асатын жылжымайтын мүліктің салықтық мөлшерлемесін ұлғайту жөніндегі ұсынысын талқылай отырып, А. Калинин бұл орта деңгейдің қалтасына ауыр тиеді, деп мәлімдеді. "Мен бұл аралықты 50 немесе 70 млн теңгеге дейін ұлғайту керек деп есептеймін", - деді ол.

Сонымен қатар, бағалаушы үкіметтің мүлік салығы мен жер салығын жылжымайтын мүлік салығына бірлестіру туралы ұсынысын қолдайтынын білдірді. "Біз жер салығын екі мәрте төлейміз. Бірінші рет - жер үшін төлеген кезде, екінші рет - жерде тұрған жылжымайтын мүлік үшін төлеген кезде", - деді А. Калинин. Бұл ретте ол әлемдік тәжірибеде жылжымайтын мүлік ретінде жер және оның үстінде тұрған құрылыс танылатынынан хабардар етті. Оған салық та бір-ақ рет төленеді.

"Бұндағы мәселе Қазақстанда кадастрлардың әртүрлі болуы. Жер кадастрын Жер ресурстарын басқару агенттігі, ал жылжымайтын мүлік кадастрын Әділет министрлігі жүргізеді. Міне, ақыр соңында үкімет осындай шешімге келіп отыр. бұл кадастрларды біріктіру қажет", - деп атап көрсетті бағалаушы. Оның пайымдауынша, кадастрларды біріктіріп, Қаржы министрлігіне тапсыру керек.

Сонымен қатар, А. Калининнің айтуынша, әлемдік тәжірибеде салық салу кезінде жылжымайтын мүлік нарықтық құнымен есептелсе, ол Қазақстанда салық салу үшін нормативтік есептік құны бойынша бағаланады.