Жын шығаратын түркиялық емші алаяқтықпен айналысып жүр ме?

-Алладан қорқасың ба?- Қорқамын! - Қорықсаң шығып кет қазір!

Бұл – жын шығару процесінен көрініс. Яғни, адам бойына енген ібілісті имам аластатып жатқан. Иланатындардың айтуынша, шайтанды дәл осылай дұға етіп, құранның күшімен қашыруға, тіпті өлтіруге де болады екен.

Кто ты, мусульманин?- Нет!

Я Джин, джин!

Ғаламторда осы сынды видео қаптап жүр. Тек көрген жанға көбіне «өтірік» деген ой түйгізеді демесең. Бірақ 35 жылдан бері жын қуумен айналысқан түрік молдасы Мұхаммед Шахин бәрін рас деп отыр. Айтуынша, жер бетінде қанша адам болса, сонша жын-пері бар.

Мұхаммед Шахин, имам (Түркия):

- Бұл ілімді 10 жылда үйрене алмайсын. Ол үшін ата-бабаң білімдар имам болуы тиіс. Өзім мұнымен 5 жастан бастап айналыстым. Сенбейтіндерге айтайын, шайтан өмірде шынында да бар.  

Ал бұл жын шығарушы Шахин молданың Алматыдағы кеңсесі. Бойындағы перісінен құтылуға кезек күте келген адам қарасы көп.

Мұхаммед Шахин, имам (Түркия):

-Жұма күннен бері менің қабылдауыма 50-ге жуық жүкті әйел келді. Барлығының баласы іште жатып жынға ұрынған. Соның кесіренен өспейді. Әрине, оны медицина түсіндіруге қауқарсыз. Сондықтан маған барлығы келеді.

 «Жын» деген ұғымның барын дін өкілдері де жоққа шығармайды. Тіпті адами әлеммен қатар өмір сүру үшін оларды Алла тағалының өзі жаратқан деседі. Әйел жыныстысы – пері, ал ері – жын деген жеке атауға да ие. Тек пендемен, яғни бізбен салыстырғанда олардың ғұмыры 200-300 жылға ұзақ көрінеді.


Қанағат қажы Өтебайұлы, имам:

-Алла тағала құран кәрімде айтады: «Жынды да, адамзатты да жараттым өзіме құлшылық ету үшін». Сондықтан бізбен қатар өмір сүтерін жын деген болады. Жынның мұсылманы бар, кәпірі бар.

Ал ғылымға сенетіндер бұның барлығы ауруға теңейді. Нақтыласақ – шизофренияға. Яғни, ішкі күйзелістен, адам сана-сезімінің ауытқуынан осындай түсінік туады.

Анна Құдиярова, психолог:

- Жын-шайтанды қуып шығу, ғылыми тілмен айтқанда, ол – психоз. Әрбір адамның психикалық аппаратында әртүрлі өзгерістер бар. Ішкі түйсік, ішкі фантазия. Кейде біздің еркімізге бағынбай кетеді.

Десе де тылсым күшке сенетідерге ғылым тоқтау емес тәрізді.

- Хочешь выйти? – Да-да-да!