«Жынымды келтермеңізші!»: Серік Жұманғарин Дума депутаттарына жауап берді


Ол бұл жайлы Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

 "Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді біздің территориямыздың, шекарамыздың тұтастығына  қолсұғушылық жасаған ресейлік депутаттар мен саясаттанушыларға дипломатиялық тұрғыда тарихтан сабақ берді. "Еліміздің тарихын білетін адам ретінде мен бұған орыс тілінде "қысыр сыйырдың сандырағы" (это бред сивой кобылы) деп жауап қайтарар едім. Мұндай жағдай орын алғанда ең алдымен тарихқа жүгіну керек. СІМ басшысы ретінде бұл Ресей Федерациясының ресми ұстанымына сәйкес келмейтіні айтқым келеді". Қазақша айтқанда "жынымды келтірмеңізші!"- деді агенттік төрағасы.