"Жынымды келтірмеңізші, блин" - Вице-министрге журналистердің сұрағы ұнамай қалды

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлады.

Қазір шенеуніктің видеосы әлеуметтік желілерде таралуда. Вице министрге тарифтер туралы сұрақ ұнамай қалған.

«Жынымды келтірмеңізші. Бұл басқа шара ғой. Не болды? Кеше парламентте айттым тарифтер туралы. Ондай болса өздеріңіз тұра беріңіздер. Шара шағын және орта бизнес жайлы. Ал сіздер тариф жайлы сұрайсыздар. Маған келіңіз, мен сізге тариф туралы айтып беремін. Жынымды келтірмеңізші», — дейді Серік Жұманғарин.

Серік Жұманғарин былтыр дәл осы тарифтер бойынша Қауіпсіздік кеңесінің отырысында елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтан сөгіс алған болатын. Содан бері оған тариф жайлы сұрақ ұнамайтын болған.