«Жыныс мүшесін көсеумен күйдірген»: Алматы облысында әжесінің нақсүйері аямай зорлаған егіз қыздарға қатысты тың ақпарат тарады

Әжесінің нақсүйері екі егіз қос қызды зорлап, қылмысын жасырмақ болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Белгілі болғандай, отбасында 3 жасар егіз қыздан бөлек тағы бір 7 жасар қыз болған. Қыздардың әжесімен азаматтық некеде болған азамат, ол қызға да азғындық әрекет жасаған. Ал, қылмысын жасыру үшін, бүлдіршіннің жыныс мүшесін көсеумен күйдірген екен.

Оқиғаға қатысты тың деректерді балалар омбудсмені Динара Зәкиева ұсынды. Жеті жасар қызға қатысты бұл қылмыс тек бала оқуға, мектеп-интернатқа барғанда ғана белгілі болған. Өкініштісі, сол кезде қыздардың анасы да, әжесі мен азаматтық некедегі күйеуі де жазасыз қалған. Ол аздай, қыз баланы оқып жатқан жерінен, соттың шешімімен қайтадан отбасына қайтарған.

«Десе де сол кездің өзінде қыздың анасы болған оқиғаны мойындап, сотқа арызданған көрінеді. Алайда сот оларға тек айыппұл төлеткен. Сөйтіп қыз бала үйде оқытылып, азғындық әрекет тағы екі жылға жалғасқан. Егер сол кезде сот дұрыс шешім қабылданса, үш баланың тағдырына бұлай балта шабылмас еді», - дейді балалар омбудсмені.

Айта кетейік, елді дүр сілкіндірген оқиға жайлы 3 қазанда белгілі болған еді. Осылайша Балқаш ауданының тұрғыны полицияға өзінің ауылдасы қызын зорлады деп, полицияға шағым жазған. Күдікті ретінде, қыздардың нағашы әжесінің 40 жасар нақсүйері ұсталған.