Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Астаналық 32 жастағы әйел қызғаныштан азаматтық некедегі күйеуінен кек алған. Уролог Жалғас Игембайдың хабарлауынша, әйел алдымен күйеуіне ұйықтататын дәрі берген. Кейін ол ұйқыға кеткенде, жыныс мүшесін кесіп тастаған.
34 жастағы ер адамды қиын жағдайда ауруханаға жеткізген. Әйел адам жедел жәрдем көлігін өзі шақырған. Алайда пациент тым кеш жеткендіктен, оған ота жасау мүмкін болмаған.