Бұл туралы журналист Жазира Бегалы жазды деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Ол өзінен қол ұшын созуды өтініп, қиналған әлдебір әйелдің хатын жариялапты.
"Инстаграмм желісіне жазған бейтаныс оқырманның жан-айқайын кімге айтайын? "Айрандай ұйып отырған отбасымның шырқы бұзылды, көмектесіңізші , "дейді. Жас келіншектің айтуынша күйеуі тапқан-таянғанын желіде тəнін жарнамалайтын сұлуларға жұмсайды . Тағы бір шаңырақ шайқалуға шақ тұр . Мына бейбіт заманда əйелін жесір, баласын жəутеңдетіп тастап кетіп жатқан əкелерге ақыл айтудан аулақпын. Дегенмен мұндай сайттарды құзырлы орындар неге бұғаттап тастамайды?",-дейді тілші. Қазақ қыздары әлеуметтік желіде жыныстық қатынасқа түскен өз видеоларын сата бастады
Бұған дейін де біздің портал аталған «Друг вокруг» қосымшасында жас қыздардың өздерінің жыныстық қатынасқа түскен видеоларын белгілі бір сомаға немесе телефон бірлігіне сататыны жайлы жазған болатын.
Бұған қоса онда жігіт іздеген қызтекелер мен интидік қызмет ұсынатын жезөкшелер бар.