Бұл туралы өнер иесі Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Шынайы сыр ақтаруға рұқсат етіңіздер
Расында кейде бір ғана жағдай бүкіл өмір туралы, қоғам, айналамыз туралы ойды өзгертуге септігін тигізеді.
“Егіз-Лебіздің” менің жүрегіме лебі көп болды. Нағыз жанашыр, адамдыққа толы ашық достықты тануға, тағы бір жақсы ортаның қалыптасуына әсері болды. Бәйге деп емес, бәсеке деп емес, біргеміз, барынша шынайылық, биікке ұмтыламыз дегенді көп естідім.
Үзілістен кейінгі сахнаға қалыптасуым да осыдан басталды деп айтсам болады. Және айрықша Ұланға алғыс айтамын, нағыз мақсатқа жете алатын, кез-келген трансформацияға дайын, ашық мінезді ер азамат, жақсы дос, тіпті бауырымдай қамқор, қолдаушы бола білді. Ерлан аға, Сырым аға, Дастан аға, Ғаділбек аға, Коба, Тұрар, Еркеш, Қазбек Сагын, Аука, Казбек Курайыш қыз сыйлай білетін, әріптестік әдепті білетін,сөзсіз түсіне алатын нағыз азаматтар. Әркез жаным деп тұратын, қуанышыңмен ортақ бола алатын құрбыларым Гульнара, Зарина, Жанель, Татьяна, Актоты, Акнур, Альбина, Дариға, Құралай қандай десеңізші.Әсіресе бұл жоба әріптестермен өткізген ыстық күндерімен есте қалды. Әрі қарай достығымыз жалғаса беруде.
Қысқасы, бұл әлемде ақ жүректі адамдар өте көп және соған көз жеткізген Егіз-Лебіз ұжымына және әрдайым маған сеніп, жанашыр болған инста достарыма, әр апта сайын бізді эфирде күтіп отыратын көрермендерім сіздерге мың алғыс", - деп жазды әнші.