Жақында ғана «КТК» арнасына шығып, өнерге қайта оралғанын мәлімдеген «Арнау» тобының бұрынғы солисі Жанар Хамитова өзінің қиын тағдырын ашық айтып, көзіне жас алған болатын. Ал Нұржан Керменбаев болса, әріптесінің бұл жаңалығынан хабарсыз боп шықты.
Керменбаев алдағы жеке ән кешіне бұрынғы сүйіктісін шақыруды ойламаған. Тіпті, араласпаймыз да дейді ол.
«Жанармен біраз болды көріспегелі. Біраз нәрсе өзгерді. Ол кісі өнер әлемінен кетті. Енді жырлай беретін жыры да қалмады. Жырлайтын болсақ, қазір жырлар едім», – деді ол «НТК» арнасынан шығатын «Ревю» бағдарламасында.
Еске сала кетейік,
Жанар Хамитованың бұған дейін дінге беріліп кеткен ер адамға тұрмысқа шығып, кейін ажырасып кеткенін жазған болтынбыз.