Жүзге жуық талапкер ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық тестілеу орталығы негізгі ҰБТ-ның аралық қорытындысын жариялады.

Негізгі ҰБТ басталғалы бері 164 мың рет тест тапсырылды.

Оның ішінде:

талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинады;

орташа балл – 65 балл (бес пән бойынша);

ең жоғары балл – 140 балл;

ерекше білім беру қажеттілігі бар 477 талапкер қатысты.

Ереже бұзғаны үшін 208 адамның нәтижесі жойылды.

Атап өтсек:

тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан 98 талапкер тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды;

тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 108 адам шығарылды;

бөгде тұлғалар анықталған жоқ.

Қатысушылардың 18%-ы "Математика-Физика" комбинациясын, 15%-ы "Биология-Химия", 14%-ы "Шығармашылық емтихан" комбинациясын таңдаған.

Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ 7 шілдеге дейін өтеді.