Ж.Жабаевтың 165 жылдығына арналған республикалық ақындар айтысындағы жүлделі орындар

М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысы Жансая Мусина екінші жүлдені жеңіп алса, тағы бір белгілі айтыс ақыны Бауыржан Халиолла үшінші орынға көтерілді.

Бұл ақындардың екеуі де - бұрын республикалық, халықаралық додаларда жүлде алып жүрген танымал айтыс ақындары.