ЖЗҚ-ның зейнетақылық активтерді және зейнетақымен қамсыздандыру туралы келісімшарттардағы міндеттемелерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) өткізу тәртібін белгілейтін ережелер 2013 жылдың 1-қыркүйегінен бастап күшіне енгізіледі, деп хабарлады БЖЗҚ баспасөз қызметінен.
Ережелерді Қазақстан Ұлттық банкі 2013 жылдың 26-шілдесінде қабылдады.
Ережелерге орай, БЖЗҚ белгіленген мерзім кестесі бойынша ЖЗҚ қатысты шаралар жоспарын әзірлемек, ол қормен келісіп жасалмақ.
Базасында БЖЗҚ құрылатын МЖЗҚ АҚ атауының өзгертілуіне орай әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуден өтуде.
Қазіргі уақытта республикада қордың салымшыларына қызмет көрсетуші 150-ден аса орталық жұмыс істеуде, жылдың соңына дейін оның санын 250-ге дейін арттыру көзделген.
Алдында қазақстандықтардың зейнеткерлік ақшалары БЖЗҚ-на 2013 жылдың 1-шілдесіне дейін ауыстырылуға тиіс, деп хабарланған болатын.
Қазақстан Ұлттық банкі қаржылық қадағалау комитетінің деректеріне қарағанда, 2013 жылдың 1-шілдесіне шаққанда зейнеткерлік активтер 3 трлн 407 млрд теңгені құрады.