Зимбабведегі су тасқынынан 250 адам көз жұмды

Зимбабведе соңғы 3 ай бойы жалғасып келе жатқан нөсер жаңбыр мен су тасқыны елге залалын тигізіп жатыр. Жиі-жиі жүрген тасқындардан 250 адам қаза тауып, 2 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалған. Елдің егістік алқаптарына орасан зор шығын келген. Жолдар бүлініп, қатынау қиындады. Себебі мемлекеттегі 85 пайыз су бөгеті бұзылған. Осыған байланысты жергілікті билік бүкіл ел аумағында апатты жағдай орнағанын айтып, халықаралық қауымдастықтан 100 миллион доллар көмек сұрады. Ал ауа райын болжау мекемесі жауын-шашын осы айдың аяғына дейін жалғасатынын айтады.