Зинедин Зидан «Реал» клубының бас бапкерлігіне тағайындалды


Француз бұл лауазымда бұдан бұрын жұмыстан босатылған Рафаэль Бенитестің орнын алмастырды, деп хабарлайды ТАСС.

Зидан « FIFA тұжырымы бойынша әлемнің үздік футболшысы» атағымен үш рет марапатталған (1998, 2000, 2003). Франция құрамасы сапында ойнаған ол 1998 жылы әлем чемпионы және 2000 жылы Еуропа чемпионы атанды.