Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы «Кел, татуласайық» бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Сандуғаш есімді келіншек күйеуімен ажырасқаннан соң, балалары үшін арнайы көмек, яғни алимент ала алмай «Кел, татуласайық» бағдарламасының көмегіне жүгінеді.
Бағдарлама жүргізушісі Тахир Сұлтан студияға бірнеше мамандарды шақырып сұхбаттасты.
Кенеттен студияда отырған әлдебір алпауыттай азамат микрофонды қолдарына алып, пікір айтып жатқанда екіншісі ол пікірге келіспей, өзара сөзге келіп, төбелес шығарып, студияны тас талқан етіп қиратып тастады.
Бағдарлама жүргізушісі Тахир Сұлтан бұл төбелесетін емес, татуласатын бағдарлама екенін айтып сабырға шақырды.Көпшілік мұны әдейі ұйымдастырылған шоу десе, көпшілігі сабырсыз жігіттер шынымен жанжал шығарды деген пікірде.
Бағдарламаны осы сілтеме арқылы көре аласыздар: