Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Ол көпшілікті өлгеннің емес, тірінің әбігерінде болуға шақырды.
«Бір үйдің төрт баласы болсаңдар, үнемі бірге болыңдаршы. Екеу болса, екеуің бірігіңдер. Екерткіш, сурет емес, сол бірлікте болғандарың маңызды. Естелік ретінде сурет тұрмақ, мазар салғандар бар. Екі қабатты. Тіпті, пластикалық терезе қояды.
Көпшілік оның бұл сөзіне қолдау білдірген.
"Өте дұрыс айтады Алла разы болсын", "Нұрлан аға ештеңені қиындатпай дінді қазақ салт дәстүрімен байланыстырып күшті етіп түсіндіретін жалғыз имам", "Бірлік болмай, тірлік болмайды. Ата-анаңды тірі кезінде сыйла. Өліп кеткен соң, оларға ештеңе маңызды емес. Тек, тиетін Құран ғана", - деп жазды олар.