деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.
«Сараньда қалалық зиратта итімен серуендетіп жүрген ер адам қорқынышты жайтқа тап болды. Мәйіттердің бірінің жанынан қытайдың сөмкесіне салынған тамағы кесілген әйел адамның мүрдесі табылды. Оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері қаза болған әйелдің кім екенін анықтады. 39 жастағы қаланың жұмыссыз тұрғыны қылмыскердің құрбанына айналған», - деп жазылған хабарламада.
Қарағанды облысының ІІД криминалды полициясының және Сарань қаласының ІІБ қызметкерлері осы іске күдікті 32 жастағы жергілікті тұрғынды құрықтады.
«Ұсталған адам өз қылмысын мойындап, 6 желтоқсан күні кешке өзінің пәтерінде зардап шеккен әйелмен бірге ішімдік ішкеннен кейін, екеуінің арасында жанжал шығып, ол ас үй пышағымен әйелді өлтіргенін, содан кейін қылмысын жасыру үшін мәйітті сөмкеге салып, 23:00-де зиратқа апарып тастағанын айтқан», - деп түсіндірді облыстың ІІД баспасөз қызметінен.
Ол уақытша ұстау оқшаулағышына қамалып, ҚР ҚК 96-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.