«Золушка» қайтадан үлкен экранда

Сыйқырға толы жаңа фильмде Золушканың балалық шағы көрсетіледі. Бэлла есімді қыздың әкесі саудагер, анасы үй шаруасында. Үшеуі бақытты бір отбасы. Десе де анасы көп ұзамай ауыр сырқаттан  көз жұмады.

Осылайша, Бэлланың әкесі басқа әйелмен тұрмыс құрады. Бірақ ол кейін алыс сапардан қайтып оралмайды. Бұл хабар күлше қыздың қабырғасын тіптен қайыстарады. Содан кейін оның өгей шешесі мен әпкелері Бэлланы Золушкаға айналдырады.

Қорлық көрген қыз кейін ханзадамен кездесіп, өмірі түбегейлі өзгереді. Аты ескі болғанымен заты жаңа фильмнің премьерасы Мәскеуде өтті. Оған бас рөлдерді сомдаған Лили Джеймс, Ричард Мэдден және режиссер Кеннет Брана келді. Олар фильмнің көрермен көңілінен шығатынына сенімді.

Кеннет Брана, режиссер:

-Золушка жай ғана ертегідегі кейіпкер емес. Ол қиындықтарға қарамастан бақытты бола алатын жан әрі өзі мейірімді. Осы арқылы қаншама адамның жүрегіне жылу сыйлайды.

Осы ертегі негізінен 300 жыл бұрын пайда болыпты. «Дисней» студиясы оның желісімен 1950 жылы фильм түсірген. Енді, міне, араға 65 жыл салып, көрермен назарына Золушканы тағы ұсынғалы отыр. Оны наурыздың 6-сынан бастап кинотетрлардан қазақ және орыс тілдерінде көруге болады. Фильмді елімізге таратушы «Меломан» компаниясы.


Лили Джеймс, актриса:

- Сәлем Қазақстан! Золушка фильмін көруге келіңіздер! Туынды өте қызықты. Қайталанбас әсер алып қайтатындарыңызға сенімдімін! 

Loading...