Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Bridge Qazaqstan порталына сілтеме жасап хабарлайды.
"Мен әншілікті тастадым. Бірақ ән салмай қалай жүретінімді білмеймін. Дәл қазір мен үшін басыма таққан орамалым маңызды. Басқа бағытта жұмыс істеп жатырмын. Бір есік жабылса, екінші есік ашылады. Мен психология бағытын таңдадым, —дейді Индира Расылхан.
Әнші сахнада 23 жыл ән салған. Сондықтан өнерден бас тарту оған оңайға соқпапты.
Мен үшін жаңа бағытқа 100 пайыз ауысу оңай болмады. Қобалжыдым, қорықтым. Ал енді қорқа-қорқа батыр болдым, — дейді өнер иесі.
Loading...