Зообақ қызметкері керіктің өлімі туралы ақпарат үшін жұмыстан шығарылды


Еске сала кетейік, бұрын, зообақ сайтында жуырда Мелман есімді керік өлімінің себебі туралы ақпарат пайда болған. Кейін мекеме өкілдері бөгде біреулер сайтты бұзып кіргенін мәлімдеді. 
«Бүгін күні бойы тергеу жүргіздік, екі нұсқа болды - DDOS-шабуыл немесе біздің қызметкерлердің бірі. Тергеу кезінде біздің қызметкерлердің бірі - халықаралық бөлім қызметкері шындыққа жанаспайтын ақпаратты сайтқа орналастырғаны белгілі болды. Сол үшін қызметтен босатылды», - деп хабарлады ол. 
Атап өтейік, бұл жануарлар өлімінің алғашқы оқиғасы емес - жуырда 6 жастағы Чита есімді гепард өлген. 
Зообақта оның көп уақыт ауырғанын хабарлады. Ветеринарлар оны емдеген. Өлім себебі сараптама нәтижелерінен кейін белгілі болады. Мамыр айында зообақта жолбарыс өлген. 
2008-2014 жылдары өлген қарлы барыстардың өлімі шу шығарған.