"Зорлық белгілері бар": Жетісу облысында ауылдасын өлтірген күдікті ұсталды


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап хаюарлайды.

Аталған дерек Панфилов ауданында тіркелді. Онда 12 қаңтарда Пенжім ауылында зорлық белгілері бар 28 жастағы жергілікті тұрғынның мәйіті табылды. Оны өлтірген күдікті ұсталып, аудандық полицияға жеткізілді.    

«Жәбірленушімен бір ауылда тұратын 33 жастағы ер адам ұсталды. Алкогольді бірге ішкен кезде ер адамдар арасында жанжал пайда болып, пышақпен төбелеске ұласқаны алдын ала анықталды. Кісі өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Күдікті қамауға алынды», – деді Панфилов ауданының полиция бөлімі бастығының орынбасары Ернар Қалтаев.