Бұл ұсыныс ол экология және табиғи ресурстар минстрі болып тағайындалмай тұрғанда болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы holanewskz-ке сілтеме жасап.
Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, 2022 жылдың желтоқсан айында экс-министр Серікқали Брекешов президент әкімшілігіне вице-министр Сулейменованы қызметінен босатуға байланысты ұсыныс жолдаған. Ұсыныста экс-министр өзінің орынбасарын жұмыстан шығаруға негіз болған 8 себепті көрсеткен. Нәтижесінде қызметтен Брекешовтың өзі кетіп, Сулейменова министр болды, деп жазған holanewskz порталы.
Брекешов не себепті вице-министрді жұмыстан шығарғысы келген?
Зульфия Сулейменова вице-министр кезінде еліміздегі ірі салық төлеуші компаниялардың бірі "СНПС-Актөбемұнайгаз" - ға экологиялық рұқсат беруден бас тартады. Вице-министр аталмыш кәсіпорынға рұқсат бермеу үшін "ресми әрі шешуге болатын" себептерді көрсеткен.
Журналист Михаил Козачков Сулейменованың бұл әрекеті жеке себептерге байланысты болуы мүмкін екендігін айтады. Себебі, министрдің әкесі "СНПС-Актөбемұнайгаз"- да жеке мердігер ретінде жұмыс істеп, түрмеге түскен.
Экс-министр Брекешовтың айтуынша, Зульфия Сулейменова маңызыды құжаттарға қол қоятын уақытта іссапарлар мен денсаулығына байланысты демалыста болғаны үшін экология және табиғи ресурстар министрлігі президенттің 50-ден астам тапсырмасын уақытында орындай алмаған.