«XXI ғасыр құқықтар мен бостандықтар дәуірі ретінде сипатталса да, әлемде болып жатқан оқиғалар оның айқын дәлелі бола алмайды. Шыны керек, бүгінде зұлымдардың қолындағы адам құқықтары мен демократия күмәнді болып тұр. Демократияның озық тәжірибесі тек белгілі бір мемлекеттердің ұлттық шекарасымен ғана шектеліп, ғаламдық демократияға өз үлесін қоса алмай келеді», - дейді Х.Килич. Оның айтуынша, шынайы демократияға деген теріс көзқарас зорлық-зомбылықты туғызады. Осының нәтижесінде бүгінде сан алуан діни шиеленістер болып жатады. Ал бұның барлығын болдырмас үшін ұлттық заңнаманы барынша жетілдіріп отыру қажет.
Айта кетейік, биыл Қазақстан Азия елдерінің конституциялық соттары мен баламалы институттары қауымдастығына мүше болып, аталған ұйыммен тығыз жұмыс жасап келеді.