"Зымыранның құлау оқиғасына куәгер болған 19 адам Денсаулық сақтау министрлігінің назарына алынды. Бір адам да денсаулығына қатысты шағым айта келген жоқ", - деді В. Храпунов.
Министр сонымен бірге "малдардың да өзгеше қылық көрсету оқиғалары байқалған жоқ", деді.
В. Храпуновтың түсініктемесіне сәйкес ауылшаруашылығы министрлігі "оқиға орнында барлық малға диспансеризациялау шарасын жүргізген" . "Ол жерде 5820 қой, 777 ірі қара мал мен 300-ден астам жылқы бар. Олардың бәрі де диспансеризацияланып, қандарынан сынама алынды. Әзірге ешбір белгі байқалмайды", - деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті