Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Владимир Чуров: "Орталық сайлау комиссиясы өзінің сәрсенбі күнгі отырысында Г. Зюгановты мемлекет басшылығына үміткер ретінде тіркеу туралы қаулы қабылдады", - деп мәлімдеді.
Үміткер куәлігін алғаннан кейін Г. Зюганов Ресейдің Орталық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушылардың диалогын кеңейтуге ықпал ететініне үміт білдірді. "Біз барлығымыз да кәдімгі әділ сайлаудың болуына мүдделіміз", - деді үміткер Г. Зюганов.