2018 жылға ұл балаға қойылатын есімдер - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2018 жылға ұл балаға қойылатын есімдер

2018 жылға ұл балаға қойылатын есімдер

“Кеменің басын қайда бұрсаң, сол жаққа қарай бағыт алады” деген сөз бар. Сол секілді сәбиге қойылған есім оның алдағы өміріне көп әсерін тигізеді. Осы есім арқылы миына салынған психологиялық кодқа сай, адам өмір бойы өзінің есіміне лайық болуға тырысады.

  • 19 Ақпан 2018
  • 29097
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz хабарлайды. 

Атадан балаға жалғасып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып келе жатқан ізгі дәстүр, тамаша салттарымыздың бірі – ат қою үрдісі. Дана қазақ сәбиге ат қоюға ерекше мән берген. 
Адам есімі оның тағдырына қаншалықты әсер етеді? Бұл ХХ ғасырдың басынан бері ғалымдар зерттеу жүргізіп келе жатқан жұмыстардың бірі. Соның нәтижесінде, кейін адам есімдерін зерттейтін антропонимика ғылымы пайда болды.
Бала – адамның бауыр еті. Қай ата-ана болсын өз шаңырағында сәби дүниеге келгенде оған ең жақсы есімді қоюға тырысады. Негізінен, жаңа туған сәбиге есім таңдауға қазақтан дана, қазақтан шебер халық жоқ. Алайда әрбір ата-ана баласына ат қоярда өзіне жүктелер жауапкершілікті жете сезініп, оған сақтықпен қарағаны, он ойланып, он толғанып барып қана жүрегі қалаған есімді сәбиіне қойғаны абзал. Өйткені есімдердің адам өміріне, адам атына ықпалы өте ерекше дейді ғалымдар. Адам есімдерін зерттеуші ғалымдардың дәлелдеуінше, есім бала өміріне айтарлықтай әсер етеді, сәбилерді неғұрлым көркем есімдермен атаған сайын, баланың тұла бойы соған сәйкес көркемделе түседі.

Кiсi есiмдерiне қарап отырып-ақ, өзiмiзге дейiн өмiр сүрген ата-баба­ларымыздың тарихы, мәдениетi, тұрмысы, әдеп-ғұрыптары мен салт-санасы, дүниеге, дiнге көзқарасын, неге қол созып, неден үмiт күткендiктерiн бiлуге болады. 


2018 жылғы кобірек қойылып жатқан есімдер көбінде ешкімде жоқ заманауи, діни және өткен ғасырларда ұмытылып бара жатқан тұлғалардың да есімдерін беруде. Мәселен, Омар, Назар, Батыр, Нұрислам, Әлихан, Димаш, Сәкен, Нұрәлі тағы көп ұмытылып бара жатқан есімдер берілуде.

2017 жылы балаларға ең көп қойылатын есімдер Әлихан мен Айзере болып шықты.
 

 

 

Соңғы жаңалықтар