Абай атындағы опера және балет театрының Астанадағы гастролі бүгін гала-концертпен аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Абай атындағы опера және балет театрының Астанадағы гастролі бүгін гала-концертпен аяқталады

Абай атындағы опера және балет театрының Астанадағы гастролі бүгін гала-концертпен аяқталады

Қазақ мемлекеттік академиялық Абай атындағы опера және балет театрының Астанадағы гастролдік сапары бүгін, 30 мамырда театрдың репертуарындағы опералар мен балеттердің ен үздік сахналарынан құрылған үлкен гала-концертпен аяқталады

  • 30 Мамыр 2011
  • 569
Фото - Caravan.kz

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығын мерекелеу аясында 2011 жылғы 22-30 мамыр аралығында Астана қаласында Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының гастролі өтуде. Тоғыз күн ішінде Астана тұрғындары мен қонақтарының назарына 4 опера және 4 балет спектакльдері ұсынылды. Атап айтқанда, А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай», Дж.Вердидің «Травиата», Р.Вагнердің «Тангейзер», Г.Доницеттидің «Махаббат сусыны» опералары және А. Серкебаевтың «Тілеп пен Сарықыз», А.Хачатурянның «Спартак», С.Прокофьевтың «Ромео мен Джульетта» балеттері.

Басты партияларда ҚР Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, ҚР Еңбек сіңірігін қайраткерлері Жәмилә Баспақова, Шахимардан Әбілов, Болат Бөкенов, Бейімбет Қожабаевтар, халықаралық конкурстардың лауреаттары Дина Хамзина, Дина Дютмағамбетова, Халид Нұралиев, Жанель Түкеева, Нұрлан Қонақбаев, Әмір Жексенбек, Гүлвира Құрбанова, Фархад Бөриев және тағы басқалар ойнады.

Соңғы жаңалықтар