Жарияланды: 480

Алдағы уақытта батырлар жыры жинағы жарық көреді

Алдағы уақытта батырлар жыры жинағы жарық көреді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде өткен Үкімет сағатында Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед айтты.

«Қазақтың дәстүрлі музыкасы мен мәдениетінің үлгілерін жүйелеу және оларды халық пен болашақ игілігіне айналдыруға қатысты ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұлттық мәдениет үшін маңызы зор болып табылатын және қоғамда кеңінен пікір тудырған, тарихымызды тұңғыш рет жүзеге асқан бірегей жобалар «Қазақтың дәстүрлі мың күйі» мен «Қазақтың дәсүрлі мың әні» болды. Келешекте осы форматта батырлар жыры мен ұлт қаһармандары туралы жинақ шығару ойда бар. Қазір осы бағыттағы 47 батырлар жыры жинақталып, жүйелінуде. Келесі жылы осыны 50-ге толтырып шығаратын боламыз», - дейді М. Құл-Мұхаммед. Сонымен қатар министр «Қазақфильм» «Мәдени мұраны» іске асыру жылдарында қалпына келтірілген тарих және мәдениет ескерткіштері туралы 10 фильм түсіргенін атап өтті. Бұдан бөлек, «Ұлттық мұра» деректі фильмдер топтамасы бойынша да фильмдер шығарылды. Жалпы жоба аясында 20 фильм жасалған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть