Алматыда арналған жас суретшілердің көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда арналған жас суретшілердің көрмесі ашылды

Алматыда арналған жас суретшілердің көрмесі ашылды

Бүгін Алматыда ҚР Тұңғыш Президенті қорының қаржылай қолдауымен "Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған үздік туынды байқауы" жобасының аясында жиырма жас суретшінің плэнерлік жұмыстарының көрмесі ашылды.

  • 3 Маусым 2011
  • 653
Фото - Caravan.kz

Шарының ұйымдастырушысы — ҚР Суретшілер Одағы.

Көрмеге 80-нен астам жұмыстар қойылған. Әр автор табиғат аясында салған суреттерін ұсынған, оның арасында шеберханаларда салынған суреттер де бар. Байқауға қатысушылардың жас ерекшеліктері әр түрлі.

«Біз байқауға қатысушылардаң жұмыс істеулеріне барлық жағдайды жасадық, олар сурет салуға қажетті құралдармен қамтамасыз етілді, Алматы маңындағы жұмысқа таңдалған жерлерге бару мүмкіндіктерін ұйымдастырдық. Он күндік табиғатпен «шығармашылық» байланыстың қорытындысы бүгін міне мына көрмеде ұсынылып отыр»,-деді ҚР Суретшілер Одағының төрағасы Байтұрсын Омарбеков.

Оның айтуынша, көрмеге қойылған жұмыстардың әрқайсысында өзіндік нақыш, суретші қиялының даралығы, орындаушылық шеберліктің айтарлықтай жақсы деңгейі байқалады. «Тағы айта кететін жайт, суретшілердің табиғатты қоршаған орта ретінде ғана қабылдамай, табиғатқа шынайы махаббатпен қарап, адамға қуат беретін күш ретінде қарағаны ерекше әсер етеді»,-деді ол.

Биыл осылайша Тәуелсіздіктің мерейтойлық жылымен сәйкес келетін жиырма суретші биылғы жылдың маңызды оқиғасына өздерінің үлесін шығармашылық сипатта қоспақ.

Соңғы жаңалықтар