Жарияланды: 1100

Алматыда «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық байқауы өтеді

Алматыда 28 мамыр - 2 маусым күндері "Сыңғырлаған дауысты әнші бұлбұл құс болып келеді" деген атпен Орталық демалыс саябағында ХIII «Бозторғай» балалар шығармашылығының халықаралық байқауы өтеді.

Биыл тоғызынша рет өтетін байқауға Қазақстанның барлық аймақтарынан және Қырғызстаннан, Өзбекстаннан, Ресейден, Беларусьтан, Литвадан, Қытайдан, Болгариядан 800-ден аса жас әншілер мен бишілер, сонымен қатар, халық орындаушылары қатысатын болады. Байқауға қатысушылар вокал, халық әндері, хореография және балалар сән театры аталымдары бойынша сайысқа түседі. Вокал және халық орындаушылары аталымы бойынша әділқазылар тобының бас төрағасы - Кеңес Одағының халық әртісі, Социалистік Еңбек Ері, академик Бибігүл Төлегенова, Хореография және сән театры аталымы бойынша - Қазақстанның халық әртісі, профессор Болат Аюханов қазылық жасайтын болады. Әділқазылар құрамында Роза Рымбаева, Лаки Кесоглу, Кеңес Дүсекеев, Бейбіт Оралұлы, Мамурджан Ташматов (Өзбекістан), Марианна Слениене (Литва), Қанат Фаткуллин (Қырғызстан) сынды өнер қайраткерлері бар. Олар 138 әнші мен 45 би топтарының сайысын бағалайтын болады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть