Алматыда Халықаралық ұлттық мәдениеттер көрмесі ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда Халықаралық ұлттық мәдениеттер көрмесі ашылды

Алматыда Халықаралық ұлттық мәдениеттер көрмесі ашылды

Бүгін, 5-маусымда Алматыда Халықаралық ұлттық мәдениеттер көрмесі ашылды.

  • 5 Маусым 2003
  • 582
Фото - Caravan.kz

Көрме 7-маусымға дейін ҚР орталық тарихи мұражайында өтеді.

Бұл туралы бүгін KZ-today тілшісіне ҚР білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көрмеге Қазақстандағы көптеген шетелдік елшіліктер мен ұлттық-мәдени орталықтар қатысады.
Көрмеге ұлттық киім, ұлттық тағам және ұлттық-мәдени бұйымдар үлгісі қойылады.
Сондай-ақ, көрме аясында қатысушы-мемлекеттердің саз ұжымдары мен фольклорлық топтары концерт қояды деп жоспарланған.
Көрме «Ұлттық мәдениеттердің тарихи сабақтастығы» деп аталатын халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция шеңберінде ұйымдастырылып отыр. Аталмыш конференция ертең, 6-маусымда басталады.
Конференцияға Қырғызстанның Люксембургтегі төтенше және өкілетті елшісі Шыңғыс Айтматов, Ресей Ғылым академиясы мемлекет және құқық институтының профессоры Леонид Сюкияйнен, Қазақстан мұсылмандарының мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі, Ресей православие шіркеуінің Қазақстандағы өкілі отец Сергий секілді адамдар баяндамашы ретінде шақырылған.

Соңғы жаңалықтар