Жарияланды: 630

Алматыдағы гүлдер фестиваліне 50 мыңға жуық адам келді

Қазақстан Республикасының тұңғыш президентінің атындағы саябақта сенбі күні өткен«Алматы – гүл қала» фестиваліне 50 мыңға жуық адам келді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов фестиваль қонақтарының алдында сөз сөйлеу барысында қала басшылығы үшін экология мәселелері маңызды басымдықтардың бірі болып табылатынын атап көрсетті. «Қаламыз жер шарының керемет бұрышында орналасқан, бұл бекерелі аймақ, сондықтан да біз қаламызды бұрыннан бетер көркейте түсу үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға тиіспіз. Қала әкімдігі өз кезегінде оның дамуы үшін бәрін жасайды», - деді А.Есімов. Гүлдер жәрмеңкесіне 25-тен аса ұйым мен гүл өсіруші әуесқойлар қатысты. Алматы әкімі флористикалық жарыстарға қатысушылар мен жеңімпаздарға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етті. Ол қала тұрғындарын, кәсіпорындар мен мекемелерді, дүкендерді, кеңселер мен мейрамханаларды мегаполисті көгалдандыруға, жақын маңдары мен жұмыс орындарын гүлмен безендіруге үлес қосуға шақырды. Баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл Алматыда 180 мың шаршы метр аумаққа гүл отырғызылады. Тігіннен көгалдандыру элементтері пайда болып, ғимараттардың қасбеттері тірі гүлдермен безендіріледі. Еске сала кетейік, гүлдер фестивалі гүл өсіру дәстүрін қайда жаңғырту, Алматы тұрғындары мен қонақтарын қаланы экологиялық дамытуға қатысуға тарту, жыл сайынғы гүл фестивалін өткізу дәстүрін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть