«Анаға апарар жол» фильмі «Евразийский мост» фестивалінің бас жүлдесін ұтып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Анаға апарар жол» фильмі «Евразийский мост» фестивалінің бас жүлдесін ұтып алды

«Анаға апарар жол» фильмі «Евразийский мост» фестивалінің бас жүлдесін ұтып алды

Әйелдер арасындағы үздік рөл сыйлығы басты рөлді сомдаған Алтынай Нөгербекке бұйырды.

  • 5 Қазан 2016
  • 1726
Фото - Caravan.kz

«Фестивальге қонақ және қатысушы ретінде Ресей, Украина, Беларусь, Италия, Германия, Сербия, Қазақстан, Қытай, Оңтүстік Корея, Бельгия, Үндістан, Армения кинематографшылары барды. Кинофестивальді өткізу идеясы белгілі режиссер Никита Михалковқа тиесілі. Әйелдер арасындағы үздік рөл сыйлығы «Анаға апарар жол» фильмінде басты рөлде ойнаған Алтынай Нөгербекке бұйырды», — деп хабарлады кинолентаны түсірушілер Instagram желісінде.

Фестивальдің салтанатты жабылу шарасы сейсенбі күні  Ялтада өтті.  Байқауға қатысушылардың өнерін  Талакаду Сринивасаях Нагабхарана (Үндістан) бастаған халықаралық қазылар алқасы бағалады.  

Фильм сюжеті ана махаббатына негізделген. Бұл күш басты кейіпкердің қиындықтарды жеңіп, сындардан өтуіне көмектесті. Оқиға қазақ халқы үшін қиын-қыстау кезең: ұжымдастыру, жұт, әскери және соғыстан кейінгі жылдары өрбиді.


Картинаның бас кейіпкері Ілияс рухани беріктікті, ерлікті, патриотизм мен қайсарлықты көрсетеді. Анасымен кездесер алдында ол талай рет тағдырдың тәлкегін көреді, алайда ешбір қиындық оны тоқтатқан емес. Фильм өмір құндылықтары, өмірге деген көзқарасқа ой жүгіртуге итереді. 

Соңғы жаңалықтар