«Анаға апарар жол» фильмі Орталық Азияның үздік фильмі атанды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Анаға апарар жол» фильмі Орталық Азияның үздік фильмі атанды

«Анаға апарар жол» фильмі Орталық Азияның үздік фильмі атанды

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Новый мир» ЖШС бірлес

  • 17 Сәуiр 2017
  • 1301
Фото - Caravan.kz

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ мен «Новый мир» ЖШС бірлесіп түсірген «Анаға апарар жол» фильмі Бішкекте өткен VI «Ақ ілбіріс» ұлттық киножүлдесінде Орталық Азияның үздік фильмі атанды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Бас продюсер Әлия Назарбаева мен режиссер Ақан Сатаев бірлесіп шығарған «Анаға апарар жол» туындысы үш номинация, атап айтсақ, «Орталық Азияның үздік фильмі», «Орталық Азияның үздік актері» (актер Әділ Ахметов үміткер), «Орталық Азияның үздік актрисасы» (актриса Алтынай Нөгербек үміткер) номинациялары бойынша қатысты. Сондай-ақ, осы жүлделерге Өзбекстан мен Тәжікстанның картиналары да ұсынылған болатын.

Ұлттық жүлдені режиссер Ақан Сатаевқа қырғыздың кинорежиссері, Қырғызстанның халық артисі, аталмыш премия құрылтайшыларының бірі Артықбай Сүйіндіков және Лос-Анжелестегі азиялық кинофестивалінің үйлестірушісі Әсел Шерниязова табыстады.

«Түсіру тобын осы жеңіспен қуттықтаймын. «Анаға апарар жол» — Орталық Азияның үздік фильмі», — деп жазды режиссер Ақан Сатаев өзінің Instagram парақшасында.


Фильм өмірдің ауыртпалығына төтеп берген, қиын қыстау күндері сұрапыл соғыстың мехнатын көрген басты кейіпкердің тағдырын баяндайды. Кинотуынды ананың перзентіне деген шексіз махаббаты туралы, перзентінің Отанына деген адалдығы жайлы. Аталған кинотуынды 38-ші Халықаралық Мәскеу кинофестивалінде және «Еуразиялық көпір» атты фестивальге қатысып, Бас жүлдені, сонымен қатар актриса Алтынай Нөгербек «Үздік әйел адам рөлі» номинациясында жеңіске жетті. Одан бөлек, бұл туынды биыл Қазақстан киносыншылар ассоциациясы ұйымдастырған «Сыншылар таңдауы» жүлдесінде үш бірдей жүлдені иеленді. Атап айтсақ, «Ең үздік актриса» — Алтынай Нөгербек және «Екінші пландағы үздік актриса» Аружан Жазылбекова деп танылды. Ал «Фильмге жазылған үздік музыка» номинациясын аталмыш фильмнің композиторлары Әлім Заиров пен Роман Вишневский бөлісті.

Соңғы жаңалықтар