Апталық жұлдызнама: 30 сәуір - 6 мамыр - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Апталық жұлдызнама: 30 сәуір - 6 мамыр

Апталық жұлдызнама: 30 сәуір - 6 мамыр

Осы аптаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынамыз. 

  • 2 Мамыр 2018
  • 1284
Фото - Caravan.kz

ТОҚТЫ 
Бұл аптада құпия қорқыныштарыңыз бен маза бермеген мәселелеріңіз ұлғая түседі. Дұрысы сүйенген сенім-тоқтамдарыңыз анықтығын жоғалтып, алдамшы дүниеге кезігесіз. Жалғандық, өкініш, сәтсіздікпен күресемін деген тілек-талпы-ныстарыңыз сынға түсуі мүмкін. Осы аптада іскерлік шарт жасасу немесе қарыз алу мәселелеріңізді қоя тұрыңыз. Себебі, бастаған ісіңіз аяғына жетпей, құлдырауы мүмкін. Бірақ бұл аптаның сіз үшін жақсы жақтары да бар. Өз шыдамдылығыңыз бен қайсарлығыңыздың арқасында сіз үшін шынайы қымбат дүниеге кезігесіз.

ТОРПАҚ 
Бұл аптада бұрынғы ойларыңыздан арылып, жаңа белестерді бағындыруға аттануыңыз мүмкін. Сонымен қатар өзін-өзі тануыңыз бен шығармашылық бостандыққа талпынысыңыздың арқасында табысқа жетесіз. Ойларыңыз бен іс-қимылдарыңыз қандай бағыт алатыны белгісіз, бірақ психология, астрология, жаңа технологияларды тануға деген құлшынысыңыз артпақ. Қоршаған қоғамның сізге деген қарым-қатынастары өзгеріске ұшырайды. Алда күтпеген жайдайлардың орын алуы ғажап емес.

ЕГІЗДЕР
Бұл аптада отбасыңыздағы мәселелер күрделене түседі. Үйіңізді өзгертуіңіз немесе отбасы мүшелерінің біреуімен қарым-қатынасыңызды үзуіңіз мүмкін. Эмоциялық ауыртпалықтардың әсерінен денсаулығыңыз бірталай нашарлайды. Ас қорыту жолдары ауыратын адамдарға бұл апта денсаулығын жақсарту үшін өте тиімді. Апта аяқталғанша маңызды шешім қабылдаудан сақтаныныз.

ШАЯН 
Бұл аптада ішкі жан-дүниеңіз біраз өзгерістерге ұшырайды. Әдебиет, баспа, сауда, бизнес салаларында көптеген табыстарға жетуіңіз мүмкін. Сіздің ойларыңыз бен іс-қимылдарыңыз сезім мен ішкі түйсікке көбірек бағынатын болады. Бұл апта кәсіпкерлік пен қоғаммен байланыс жұмыстарымен айналысқаныңыз абзал. Сізді қоршаған адамдармен қарым-қатынас жасауда алдына жан салмайтын адамға айналуыңыз мүмкін.

АРЫСТАН 
Осы аптада қаржылық мәселелер туындайды. Қаржыға байланысты барлық мәселелер сіздің қарамағыңызға көшуі мүмкін. Ақша мәселелерін шешу барысында сіз үлкен үлеске ие боласыз. Бұл аптадағы үлкен бір қуаныш – сапарға аттануға қаржылай мүмкіндік туындайды. Бірақ ақшалай есептеуден қателіктер жіберіп алмаңыз.

БИКЕШ
Осы аптада энергия мен эмоциялық тұрақтылықтың әлсіреуінен, денсаулығыңыз нашарлауы мүмкін. Махаббат жағдайына көп көңіл бөліңіз. Себебі, сезімталдығыңызды аңғарып, шын сүйе білетін жан сізге әлі кезікпеді. Жұмысыңызда орнатылған тәртіптің бұзылуын сізден көрулері мүмкін. Туындаған мәселелерді бір өзіңіз шешуге талпынбаңыз. Бұл әрекетіңіз еш пайда әкелмейді.

ТАРАЗЫ 


Серіктестік, келісімшартқа отыру, бірлестікке байланысты мәселелер Таразыларды біраз ойға батырады. Шешім табу үшін өз серіктесіңізге құлақ асуыңыз керек. Қаржы саласындағы адамдармен кездесуіңіз мүмкін. Бұл аптада қолайлы келісімшартқа отыру мен қатар ақшалай тұрғыда көп пайдаға кенелесіз. Бірақ серіктесіңізге сене бермегеніңіз абзал.

САРЫШАЯН 
Бұл апта сіз үшін қоғаммен қарым-қатынас жағынан сәтсіз болмақ. Сізді қоршаған адамдар ойларыңызды дұрыс түсінбей қалуының әсерінен, қиындықтарға душар болуыңыз мүмкін. Басқа адамдармен серіктестік орнатуыңыз бен көмек алуыңыз қиын болмақ. Осы апта сіздің жолыңызда көптеген мәселелердің туындауымен және оларды шешу арқылы табысқа жетуіңізбен ерекшеленеді.

МЕРГЕН 
Бұл аптада Мергендер көптеген қиындықтарға тап болуы мүмкін. Қызғаныш пен көреалмаушылықтың әсерінен жасаған жұмысыңыз өз бағасына ие бола алмайды Басыңызда туындаған мәселе біраз дүниенің шынайы түрін көруге өз үлесін қосады. Мерген үшін ең дұрыс шешім – өзі бастаған істің сапалығы мен тұрақтылығына сене білу.

ТАУЕШКІ
Осы аптада шығармашылық Һәм рухани тұрғыда өзгеріске ұшырауыңыз себепті көңіл-күйіңіз орнығады, тыныштық табасыз. Жұмысыңызға қосымша ретінде дизайнмен, автомобильмен, магиямен, бимен айналысқаныңыз жөн. Суға саяхат тәніңізге қуат, жаныңызға тыныштық береді. Бірақ сәттілікпен қатар сәтсіздіктің жүретінін ұмытпағаныңыз абзал. Жалқаулық пен бейтараптылықтан сақтаныңыз.

СУҚҰЙҒЫШ 
Суқұйғыштар үшін бұл аптаның сәтті, сәтсіз болуы өздеріне байланысты болмақ. Отбасында тұрақтылықтың орнығуы, қоғаммен байланысының жақсаруы жеке басындағы мәселелерді дұрыс шеше білуіне байланысты. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз қызғаныштың әсерінен әлсірейді. Сіз үшін дұрыс шешім – барлық мәселелер өз шешімін тапқанша сырттай бақылай тұру.

БАЛЫҚТАР 
Балықтардың қаржылық жағдайлары бұл аптада біраз өзгерістерге душар болады. Табыстармен қатар көп шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Сол себепті шығын-ға ұшырау мүмкіндігін тудырмау үшін ақшаңызға ие болыңыз. Достарыңыздың әсерінен біраз қаржыдан айрыласыз. Ескі қарым-қатынастардың үзілуі мен жаңа таныстардың пайда болуы әсерінен өз құндылықтарыңыздың өзгеріп, басқа белестерді бағындыруыңыз мүмкін.

Соңғы жаңалықтар