АҚШ-та қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
АҚШ-та қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

АҚШ-та қазақ әдебиетінің антологиясы таныстырылды

АҚШ-та қазақ әдебиетінің «Ұлы даланың әңгімелері: қазіргі қазақ әдебиетінің антологиясы» атауымен бірінші қазақ әдебиеті антологиясының таныстырылымы өтті.

  • 17 Қазан 2013
  • 522
Фото - Caravan.kz

 Оған Вашингтонда тіркелген қоғамдық-саяси және академиялық орта, дипломатиялық корпус, БАҚ, қазақ диаспорасының өкілдері, сонымен қатар, өнер және мәдениетке бейім жандар келді.

Шарада сөз сөйлеген Қазақстан елшісі Қайрат Омаров қазақтың жазушылары мен ақындарының таңдамалы шығармалары енген аталған басылымның жоғары мәдени бағасын атап өтті.

Смитсоновский институтының Азия елдері тарихы бағдарламасының директоры Пол Тейлор өзінің алдағы уақытта Қазақстанға барып, қазақ халқының тарихы мен мәдениетімен тереңірек танысатынын айтты. Оның пікіріне қарағанда, таныстырылған антология мәдениеттанушылар үшін пайдалы құралға айналмақ. Өйткені онда қазақтардың мәдени өмірі жайлы бай материалдар жазылған.

Антологияны құрастырушы Колумбия университетінің профессоры Рафис Абазов рухани және жалпы адамзаттық құндылықтар, сонымен қатар моральдық-этникалық нормалар, жинақ басылымының тарихы мен мақсаты туралы айтып берді. Қазақ әдебиетінің бірегей сипатын жеткізе отырып, әлемдік өркениеттің ажырағысыз бөлігі екендігін атап өтті.


Онлайн-дүкендерден сатып алуға болатын кітапты қазірдің өзінде американың жоғары оқу орындарында оқу құралы ретінде қолдануда. Антология осыған дейін Астанада маусым айында таныстырылған болатын.

Соңғы жаңалықтар