Жарияланды: 680

Ақын Павел Васильевтің шығармашылығын насихаттаушы экспедиция Павлодардан шығып, Семей мен Өскеменге бет түзеді

Ақын Павел Васильевтің шығармашылығын насихаттаушы экспедиция Павлодардан шығып, Семей мен Өскеменге бет түзеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

Ақынның бұл фәниден бақиға озған күніне орай оның атындағы Үй-мұражай қызметкерлері ұйымдастырған бұл экспедицияға мұражай қызметкерлерімен бірге Павлодарлық танымал музыканттар мен ақындар қамтылды. Экспедиция мүшелері Семей мен Өскеменде жергілікті зиялы қауым өкілдерімен кездесулер өткізіп, П.Васильевтің шығармашылығына арналған әдеби кештіктер ұйымдастырады деп жоспарланған. Сондай-ақ, экспедиция мүшелері Семей және Өскемен мұрағатында жұмыс істеп, Семейдегі Феодор Достоевский атындағы мұражайда болмақшы. Павлел Васильев атындағы Үй-мұражай осыдан 7 жыл бұрын ашылған. Павлодар облысының тумасы Павел Васильев 1929-жылы Мәскеуге қоныс аударады. Сол жерде 1937-жылы 26 жасында "сібір ақындарының ісі" деген жалған іс бойынша өтірік жала жабылып, нәубетке ұшырап атылып кеткен. П.Васильев "Тұзды көтеріліс" , "Тамыз" және "Казак әскерлерінің қирауы туралы дастан" атты шығармалардың авторы.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть