Жарияланды: 560

Астанада 3 маусымында балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі өтпек

2011 жылдың 3 маусымында сағат 10.00–да Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейінде балалар шығармашылығының сайыс-фестивалі болады, сағат 11.30-да «Түрлі-түсті мозаика» қалалық сайыс-фестивальінің жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

Халықаралық Балаларды қорғау күні - балалар үшін ең бір қуанышты мереке ғана емес, сонымен қатар ересектер үшін де ең жауапты күн болып есептеледі. Өйткені балаларға үнемі олардың қамқорлығы мен қорғанышы қажет екендігін екеретін әрі үлкен жауапкершілік артатын күн. Халықаралық балаларды қорғау күні 1949 жылы қарашада Парижде өткен Халықаралық әйелдер демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен қабылданды. Алғашқы рет атаулы күн 1950 жылы тойланды. Бұл күн - балаларды соғыс қаупінен қорғау, олардың денсаулығын сақтау, демократиялық негізде білімі мен тәрбиесін жүзеге асыруға бағытталған дүниежүзілік қоғамдық көзқарастың қауымдасқан күн. «Түрлі-түсті мозаика» сайысы- бұл Музейдің «Балалық шақтан көзқарас» жобасы аясындағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі мен Балалар көркемсурет мектебінің бірлескен ісшарасы. Биылғы жылы 6 жастан 14 жасқа дейінгі 80 бала қатысады, 6 жастан 8 жасқа дейінгі балалар сайыс шарттары бойынша аквагриммен бет татуажын салады. 9 жастан 11 жасқа дейінгі балалар мольбертте Қазақстан туралы сурет салады. Ал, бұл жастан жоғары жастағылар үшін пластмасса бұйымдарды (орындықтар) акрилл бояуларымен тақырыптық өрнектеу әдісін қолданады. Жұмыстарын аяқтаған соң балаларға сүйікті мультфильмдерін көруге мүмкіндік беріледі. Сондай-ақ, Астана қаласында аккредитацияланған елшіліктер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі және Астана қ, Білім департаментінің басшылықтары қатысқан бұл мереке, сайыс-фестивальінің жеңімпаздарын марапаттау салтанатымен аяқталады. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі Астана, Бейбітшілік к-сі, 11. тел: 75 12 15, 75 12 14, 75 12 92, 75 13 72

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть