Астанада қазақ әндерінің тұңғыш "Астана-2003" халықаралық байқауы өтуде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада қазақ әндерінің тұңғыш "Астана-2003" халықаралық байқауы өтуде

Астанада қазақ әндерінің тұңғыш "Астана-2003" халықаралық байқауы өтуде

Астанада қазақ әндерінің тұңғыш "Астана-2003" халықаралық байқауы өтуде.

  • 9 Маусым 2003
  • 755
Фото - Caravan.kz

Байқауға қатысу үшін Елорданың 5 жылдығы қарсаңында қалаға дүниежүзінің әртүрлі елдерінен 12 қатысушы келді ,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі Астанадан.

Бүгін, байқаудың екінші күні қатысушылар қазақ авторларының әндерін өз ана тілдерінде орындауда. Байқауды ұйымдастырушы — Халықаралық «Азия дауысы» фестивалі мен Астана әкімшілігі өкілдерінің айтуынша, бұл- қазақ халқының мәдениетін шетелдік орындаушыларға ұғындырып , олардың жүрегіне жақындата түсуге септігін тигізбек.
Байқауға қатысушылар өнеріне Айман Мұсаходжаева, Шөмішбай Сариев, Юрий Аравин, Шерхан Мұртаза, Төлеген Мқхамеджанов сынды отандық мәдениетіміздің асылдарынан құралған қазылар алқасы баға береді.
Байқаудың бас жүлдесі — 5 мың АҚШ долларын құрайды. Байқауға қатысушылар
10-маусым — қала күніне арналған гала-концертке қатысады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар