Жарияланды: 190

Ата-анам мені басқа дінге кіріп кетті деп жүр. Олай емес екенін қалай түсіндірсем екен?

Ата-анам мені басқа дінге кіріп кетті деп жүр. Олай емес екенін қалай түсіндірсем екен?

Қыздар, әпкелер, қатарлас құрбылар сіздерден бір ақыл-кеңес сұрайын деп едім.

Мүмкін болса ақыл кеңестеріңізбен бөлісіп, түзу жол сілтесеңіздер екен. Менің жасым 19 да. Әке-шешем, ағаларым, інілерім бар, Аллаға шүкір.

Айтайын дегенім көптен бері жаныма маза бермей жүр. Анашым әкем екеуі өте жақсы кісілер. Мені сондай жақсы көреді. Өзіміз ауылдық жерде тұрамыз. Мен Алматыда оқимын. Алла бұйыртып, түзу жолға түстім, бес уақыт намаз бастадым. Әкем де, анам да қарсы емес. Намазды оқып бастағаныма екі жылдан асты. Ал жақында орама тағып бастадым. Бірақ менің хиджаб кигеніме ата-анам қарсы болып отыр. «Сен әлі жассын, өзіңмен қатарластарын жүр әне» деп ұрсады. Шынымды айтсам сырт көздің сұғынан гөрі үйдегілердің осындай реакциясы мені шаршатты. Мені көшеге шығаруға ұялады, үлкен апам менің орамалдарымды тығып қояды кейде. «Мені басқа дінге кіріп кетті» деп қорқып жүр. Мен түсіндіріп айттым бірақ сонда да қорқады. Сіздерден сұрайын деп отырған ақылым араларынызда намаз оқитын жандар болса ақыл беріңіздерші әкем мен анама қалай түсіндірсем болады? Жалпы орамал тағып, оранып жүру қаншалықты дұрыс? Асыл дінімізде бұл туралы не дейді?

Әрине ата-ананын ризалығын алмай болмайды дейді ғой. Мен қате істеп қойдым ба, әлде мүлдем түсіне алмай жүрмін. Өзім студентпін. Жақында сабақ басталады дегендей. Оқу орны тарапынан да теріс көзқарас бола ма деп имінемін. Өз ойларынызбен бөлісулеріңізді өтінем.

Айғаным 

 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть