Ата-анасы Димаштың денсаулығына алаңдап жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ата-анасы Димаштың денсаулығына алаңдап жүр

Ата-анасы Димаштың денсаулығына алаңдап жүр

Бұл туралы Айқын басылымы хабарлайды.

“Әрбір өнер додасы – үлкен стресс. Әсіресе, өзіңді мүлде танымайтын бөгде елде, сырын білме

  • 11 Наурыз 2017
  • 1397
Фото - Caravan.kz

“Әрбір өнер додасы – үлкен стресс. Әсіресе, өзіңді мүлде танымайтын бөгде елде, сырын білмейтін сан мыңдаған көрерменнің алдында өнер көрсету – оңай емес. Әрі халықаралық сайыстарға өзің үшін ғана емес, туған еліңнің атынан да бәсекеге түсіп, намысын қорғайсың. Бұл – үлкен жауапкершілік. Байқауларда бағымызды сынаған сайын біз осыны сезінеміз.

Бауыр етің – балаң сайысқа түсіп жатқанда қобалжымай отыра алмайсың, әрине. Димаштан бұрын өзіміз көбірек қиналатын сияқтымыз кейде. Басқа елдерге барған кезде ауа райының әртүрлілігіне байланысты Димашқа салқын тиіп, сырқаттанып қалған кездері де болды. Ауырып тұрған баланың сахнада күрделі әндерді орындап тұрғанын көру қандай ауыр екенін де жүрегімізден өткіздік. Негізінен, баламыздың ден­саулығы үшін көбірек қобалжимыз”, – дейді Қанат Айтбаев.


Әншінің әкесі жуырда өзінің қызметінен кеткенін растады. Бұдан былай ол тек баласының шығармашылығымен айналыспақ.

“Ол рас. Димаш түрлі өнер додаларына қатысып жүргеннен кейін оның көптеген концерттік шаралары бар. Әрі халық­аралық жарыс болғаннан кейін ұлымның қасында жүріп, оған демеу көрсеткім келді. Одан бөлек, осыдан біраз жыл бұрын «Димаш Әли» атты шығармашылық орталық құрған едік. Бұл орталық жас өнерпаздарға бейнебаян түсіруге, аудиожазбаларын жазуға қол ұшын береді. Келешекте осы орталығымыздың жұ­мысын да жандандыру мақсатында отбасыммен ақылдаса отырып, осындай шешімге келдім”, – дейді әншінің әкесі.

Соңғы жаңалықтар