Азамат Сатыбалды: Өзіне сенімсіз адам ғана киноға әншілерді шақырады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Азамат Сатыбалды: Өзіне сенімсіз адам ғана киноға әншілерді шақырады

Азамат Сатыбалды: Өзіне сенімсіз адам ғана киноға әншілерді шақырады

Тырнақалды туындысы туралы Азамат НТК арнасының «Ревю» бағдарламасына айтып берді, деп жазады Stan.kz.

«Әрбір өнерпаздың, әрбір адамның жеміс сияқты пісетін уақыты болады. Абай атамыз айтпақшы, «толық адам» болып жетіледі. Биылғы жыл мен үшін сәтті, табысты жыл болып тұр. Қос

  • 19 Сәуiр 2017
  • 2143
Фото - Caravan.kz

«Әрбір өнерпаздың, әрбір адамның жеміс сияқты пісетін уақыты болады. Абай атамыз айтпақшы, «толық адам» болып жетіледі. Биылғы жыл мен үшін сәтті, табысты жыл болып тұр. Қос арманым орындалды. Бір жағынан жеке театрымды, екінші жағынан жеке киностудиямда жеке продюсерлік кино шығып жатыр», – деген Азамат Сатыбалды су жаңа туындының мелодрама жанрында түсірілгенін айтып қалды.

«Бір сен үшін» фильмінде басты рөлді Азамат Сатыбалдымен бірге актриса Зарина Кәрмен сомдайды. Азамат пен Зарина бұған дейін де театр сахнасында бірге ойнаған.

Актердің айтуынша, фильмдегі актерлердің 95 пайызы – кәсіби мамандар. Азамат өзге сала өкілдерінің кино әлемінде жүргеніне қарсы екен.


«Менің түсінігімде әр адам өз ісімен айналысуы керек. қазақта әдемі мақал бар «торғай сойса да қасапшы сойсын» деген. Әнші ән айту керек, актер ойнау керек, режиссер түсіру керек. Вайнерлерді, әншілерді киносына шақыратын адам – өзіне сенімсіз адам. Ол өзінің киносын, идеясын, драматургиядағы ойын көрерменге жеткізуге қорыққаннан кейін соны танымал адамдар арқылы жеткізгісі келеді», – деп түсіндірді ол.

Сатыбалдының продюсер ретіндегі алғашқы туындысы 27 сәуірде үлкен экранға жол тартады.

«Барша қазақстандықтарды сол киноны көруге шақырамын. Менің түсінігімде ұялмайтын кино. Оны көру керек және ой түю керек», – дейді Азамат.

Соңғы жаңалықтар