Жарияланды: 60

Балаңыз кімге еліктейді?

Балаңыз кімге еліктейді?

Балаңыз кімге еліктейді?

Балаңыз өмірге келді. Ол мүлде басқа, қараңғы әлемде еді. Енді жарық дүниенің есігін ашты. Ештеңе білмейді. Санасына ештеңе жазылып үлгермеді. Енді осы кезде сіз оны кімнің тәрбиесіне бересіз? Ары қарай оның өмірін кім жетелейді? Қолынан кім жетектейді?

Жауап мынау: балаңызға кішкентай кезінен-ақ елге ұстын болған белгілі тұлғаларды үлгі етіп айта беріңіз. Солардың өнегелі істерінен мысал келтіріңіз. Олардың суретін көрсетіп, жасаған ерліктерін айтып, соларға еліктеп өсуіне, Абай айтқандай, «болмаса да ұқсап бағуына» жағдай жасаңыз.

Қазір кітап дүкендерінде қазақтың батырлары мен би-шешендері туралы аңыз-әңгімелер өте көп. Соларды алып, күнде өзіңіз оқып берсеңіз, тіпті, баланың анасымен бірігіп, кешке үйде аздаған қойылым жасап тұрсаңыздар да болады. Бала үшін бұдан асқан қызық бар ма?

Көбіміз «Мен жіберген қателікті балам жасамаса екен» деп ойлаймыз. Ал өзіміздің ең басты қателігіміз неде? Қай кезде шалыс бастық? Нені өткізіп алдық? Міне, осыны ойлаған жөн. 
Бала үлгі тұтуға лайық адамдар тарихта өте көп. Мәселен, балаңызға жай адамдарды емес, адамзаттың идеалы болған Пайғамбардың ﷺ өмірін айта жүрсеңіз, оған бұдан асқан тәлім бар ма?
Алла Тағала Пайғамбарымыздың ﷺ өмірінің әр секундына дейін риза болған. Себебі, «һуд» сүресінде Алла Тағала оған «Сенің ғұмырыңмен ант етемін» дейді. Ал Алла бір нәрсемен ант етер болса, демек, оның маңызды, қадірлі болғаны. Сондықтан кестетігеріңіз бен атұстарыңызды өмірі зая кетпеген ірі тұлғаларға ұқсатып өсіріңіз. Өзіңіз ондай бола алмасаңыз да, балаңыз сондай болсын.

                                                                                                                                    Ақпарат көзі: Асыл арна

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть