“Бақай” тобы кезінде хит болған “Кім кінәлі?” әнін жаңа нұсқада ұсынбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Бақай” тобы кезінде хит болған “Кім кінәлі?” әнін жаңа нұсқада ұсынбақ

“Бақай” тобы кезінде хит болған “Кім кінәлі?” әнін жаңа нұсқада ұсынбақ

Hit-Tv арнасының хабарлауынша, “Бақай” тобының “Кім кінәлі” әні енді басқаша нұсқамен тыңдарманға жол тартпақ.

Есте болса, бұл ән 2000 жылдары хит болған еді. Ел арасында кеңінен тарап кетсе де, ақ қайыңның қасында кездескен қыз бен жігіттің хикаясы көп сыналған еді.

&ld

  • 12 Қазан 2017
  • 3421
Фото - Caravan.kz

Есте болса, бұл ән 2000 жылдары хит болған еді. Ел арасында кеңінен тарап кетсе де, ақ қайыңның қасында кездескен қыз бен жігіттің хикаясы көп сыналған еді.

“Көп сыналды, шалыстар, көреалмаушылықтар көп болды. Әрине, ондай болу керек. Сынды көтере білу керек деп ойлаймын. Әр нәрсе өз заманында болғаны дұрыс. Біреулер айтып жатады, сендер заманынан ерте шығып кеттіңдер деп”, – дейді “Бақай” тобының негізін қалаушы Бек Шәріп.

Көп сыналғанымен, бұл әннің хит-парадтарда алдыңғы орындарда тұрғанын жасыруға болмас.


“Біздің ең басты паспортымыз “Кім кінәлі?” деген ән”, – дейді Бек Шәріп.

Бек Шәріптің айтуынша, аталған ән әлі күнге дейін мазмұны мен мағынасын жоғалтпаған. Сондықтан да оған жаңа дем беруді ұйғарғанын айтты әнші.

“Біз оны қайта жаңартып жазып жатырмыз. Өйткені баяғы ән, оның аранжировкасы басқа, стилі ескірді. Мүмкін тыңдармандарымыз әлі де тыңдағысы келеді деген үмітпен”, – дейді топтың негізін қалаушы.

Соңғы жаңалықтар