Башқұрттар өз әншілерін қазақ әндерін ұрлады деп айыптап жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Башқұрттар өз әншілерін қазақ әндерін ұрлады деп айыптап жатыр

Башқұрттар өз әншілерін қазақ әндерін ұрлады деп айыптап жатыр

Башқұрт эстрадасында кәдімгідей дау шықты. Әншілердің плагиатқа барғаны туралы «Юлдаш» радиосының тікелей эфирінде айтылған. Онда жүргізушілер біраз орындаушыны әшкере қылыпты.

  • 15 Мамыр 2017
  • 2432
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы "Версия" газеті жазды.

«Қазір қазақ әншілері орындайтын туындыларды ұрлау сәнге айналды. Бұл этникалық жағынан туысқан халық болғандықтан шығар» дейді радиожүргізушілер. Мысалы, Айтуған Гайзуллин деген жас әнші «Алға» туындысын қазақтардан ұрлап алыпты. Тек «Алға, алға, қазақ жігіттері» дегенді «башқұрт жігіттері» деп өзгерткен.  

Жүргізушілер Элвин Грей, Ямил Баймырзиндердің де репертуарларына тоқталған. Бірақ ән ұрлау жөнінен бірінше орында Айнұр Мансұров тұр екен. Ол қазақ әнін өз тілінде әдемі орындағаны былай тұрсын, клипін де көшіріп, тура Қайрат Нұртас сияқты киініп алыпты.


Десе де, қазақтар да кімге сын айтқандай? Қырғыз бен өзбектің талай әндері біздің жұлдыздардың қанжығасында кетіп жатқан жоқ па?    

Соңғы жаңалықтар