Батыс Қазақстан облыстық археологтар әр кезеңге жататын 30-дан астам бейіт тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Батыс Қазақстан облыстық археологтар әр кезеңге жататын 30-дан астам бейіт тапты

Батыс Қазақстан облыстық археологтар әр кезеңге жататын 30-дан астам бейіт тапты

Батыс Қазақстан облысында биылғы жазда жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде әр кезеңге жататын 30-дан астам бейіт табылды. Бұл туралы облыстық археологиялық орталықтың директоры Мұрат Сыдықов хабарлады.

  • 12 Тамыз 2003
  • 710
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, қабірлер неолит және қола дәуірінен бастап орта ғасырларға дейінгі

бірнеше дәуірге сипаттама береді. Қабірлердің барлығы Шыңғырлау ауданындағы Елекшар зиратынан табылды. «Табылған қабірлер тағы да екі маусымға жұмыс беретін перспективалы ескерткіштер болып табылады»,- дейді М.Сыдықов.
Арнайы археологиялық экспедиция Сырым ауданында жасақталды. Осында қазба жұмыстарын өткізу жөніндегі бастаманы аудандық мәдениет басқармасы мен әкімшілік көтерді. Экспедиция құрамына Батыс Қазақстан Мемлекеттік Университетінің тарих факультетінің студенттері де қамтылды.
Биылғы жылы археологиялық орталық Мәскеудегі топырақтану саласының физика-химиялық проблемалары институтымен, Ресей Ғылым Академиясы Челябі ғылыми орталығымен, сондай-ақ, ҚР ҰҒА-ның Алматыдағы археология институымен ынтымақтасып отыр.
Археологиялық қазба жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар