Белгілі әнші тағдырындағы талайлы сынақ туралы айтып берді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Белгілі әнші тағдырындағы талайлы сынақ туралы айтып берді

Белгілі әнші тағдырындағы талайлы сынақ туралы айтып берді

 Философия ғылымдарының докторанты, психолог, кәсіпкер, эстрада әншісі Тамара Асар Ләйлә Сұлтанқызы жүргізетін "The Эфир" жобасының жаңа қонағы болды.

  • 5 Қаңтар 2018
  • 4737
Фото - Caravan.kz

Тамара Асар сұхбатында өмірін күрт өзгерткен оқиғалар, сенімділік, ауыр жол апаты және бала тәрбиесі жайлы айтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, ол нағыз әйелдің қандай болу керектігі жайлы әңгімеледі. "Әйелде сенімділік күшейсе ол бет бақтырмайды. Мен әйел затына сенімсіздік тілеймін. Сенімсіздігі мол әйел ғана нағыз әйел бола алады. Өзімнің бірінші қағидам — әйел ретінде әуелі Жаратқанның, одан кейін жан-жарымның алдында сенімсіз болу міндетім (…) ", — дейді Тамара Асар. 

Сұхбат барысында әнші осыдан 20 жыл бұрын ұшыраған жол апатын есіне алды.

"Жол апатына 20 жасымда түстім. (…) Үйіме туған ағама тойға бара жатқанда ауыр жол апатына түстім. Аяғым ұшып, қолыма келіп түсті. Жүрегім тек ағам мен інім деп соққаннан кейін мұны көпшлікке көрсеткім келмеді. Міне, 20 жыл өтті. Шыдамдылыққа мені өмір тәрбиелеген болуы керек. Жол апаты болған кезде ағамның еңсесін түсірмес үшін орнымнан өзім тұрдым. Бірақ мен ешқашан жылаған емеспін", — дейді Тамара Асар.

Сондай-ақ, ол Мәскеуде әлемнің түкпір-түкпірінен келген 7 000 дәрігердің оның өмірі үшін күрескенін айтып өтті.

Ал ұлына қалай тәрбие беретіні жайлы сұраққа Тамара Асар былай деп жауап берді: "Ешқандай тәрбие бермеймін. Ол тек менен көргенін жасайды. Принципім сондай. (…) Әйелдің жағдайын жасауды үйретемін. Негізі әкесіз өсіп келе жатқан бала тәрбиені бір адамнан ғана алмайды, бүкіл қоғамнан керегін жинайды. Бірақ мен оған міндетті түрде батыратын кезде батырып айтамын. Керек жерде көңіліме келгенін айтамын. Ренжіген кезде ренжігенімді айтамын", — дейді Тамара Асар.

Әншінің айтуынша, оның психологиямен айналысып жатқанына 18 жыл болды. Онымен қоса, Тамара Асар қазіргі уақытта екі кітап жазып жатқанын (психологиялық бағытта) және оның роман болуы мүмкін екенін айтып өтті.


Cондай-ақ, Тамара Асар осымен 1-2 жыл бойы самаурын жасауымен айналысып жатқанын айтты.

"Самаурынға бала кезден ғашықпын. (…) Жалпы Ресейде мен көп жүрдім, емделдім, оқыдым. Бірде сол жақта самаурын шығаратын жерге бардым. Достарым маған онда барлығын көрсетті. Содан менде арман пайда болды — қазақ жерінде қазақи оюлармен самаурын жасау. Самаурын жасаумен айналысқаныма 1-2 жыл болды. Бірақ айтуға ұялатынмын", — дейді Тамара Асар. Айтуынша, осы уақытта дейін 200-ден аса самаурын сатылған. Самаурынның бағасы 150 мың теңгеден басталады екен. 
 

Мұның алдында Ләйлә Сұлтанқызымен "The Эфир" жобасына композитор Ренат Гайсин, әнші, "МузАРТ" тобының солисі Сәкен Майғазиев, белгілі композитор әрі қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов, белгілі әзілкеш, шоумен Тұрсынбек Қабатов, бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов, "КешYou" экс-солисі Ақбота Сейітмағамбет, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева және актер Тәуекел Мүсілім қонақ болған еді.

Айта кетсек, бұл жобаның мақсаты — танымал тұлғаларды жаңа қырынан көрсету, олар туралы жаңа мәліметтерді оқырманға ұсыну.

Соңғы жаңалықтар