Димаш Париждегі қайырымдылық кешіне барып, әйгілі актриса Ева Лонгориямен биледі - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Париждегі қайырымдылық кешіне барып, әйгілі актриса Ева Лонгориямен биледі

Димаш Париждегі қайырымдылық кешіне барып, әйгілі актриса Ева Лонгориямен биледі

Қазақтың әйгілі әншісі Димаш Құдайберген Париждегі The Global Gift Gala қайырымдылық кешіне қатысты. 

  • 17 Мамыр 2017
  • 2484
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы әншінің әлеуметтік желідегі жазбаларына сүйеніп, Caravan.kz хабарлап отыр.

Димаштың аталған кешке қатысатынын өткен аптада оның ресми өкілі Алпамыс Шаримов Фейсбуктегі парақшасында хабарлаған еді. "ЮНИСЕФ-тің қолдауымен ұйымдастырылатын аты әлемге танымал актриса, продюсер, режиссер Ева Лонгория xанымның қайырымдылық Гала кешкі асының қадірлі қонағы боламыз! Әлем жұлдыздары бас қосатын кеш 16 мамыр күні Франция астанасы Париж қаласында өтеді. Димаш Гала кеште ән шырқайтын болады! Осы кешке шақырған Ева xанымға және француздық достарымыз Терии Мартино және Флабиенге раxмет айтамын" деп жазды ол.

Ал кеше кешке Димаштың өзі Инстаграмда "#TheGlobalGiftGala @globalgiftfoundation кешінде Ева Лонгория 
@evalongoria
 xаныммен бірге! Шақырғаныңызға раxмет!" деген жазба қалдырды. 

Айта кетейік, Global Gift Foundation қайырымдылық қорының мақсаты — көмекке мұқтаж балалар мен әйелдерге және отбасыларға қолдау көрсету.

Et là on dit quoi? ;)

Posted by Dimash Kudaibergen Fan Francais on Tuesday, May 16, 2017

Соңғы жаңалықтар