Димаш Құдайберген Канн киновестивалінде ән шырқайды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Димаш Құдайберген Канн киновестивалінде ән шырқайды

Димаш Құдайберген Канн киновестивалінде ән шырқайды

17 мамырда Францияның Канн қаласында дәстүрлі кинофестиваль бастауын алады. Әлемдік кино саласындағы ең маңызды осынау байқауда қазақ әншісі Димаш Құдайберген ән шырқамақ. Бұл туралы әншінің Instagram-парақшасында жазылған.

  • 15 Мамыр 2017
  • 819
Фото - Caravan.kz

Еуропаға Димаш Қытайдан тікелей аттанады.

«Гуаньчжоу қаласына үлкен раxмет!!! Dears-тарымның риясыз маxаббаты мен көңілі маған күш қуад береді! Көп раxмет!!! Ал, біз Франция астанасы Париж қаласына жолға шықтық! Әрі қарай, Канн фестивалі!.. Жақсы күндеріміз көп болсын! Жақсы көрем баршаңызды», — делінген Димаштың әлеуметтік желідегі жазбасында.

Сәуір айында Мәдениет және спорт вице-минситрі Ақтоты Райымқұлова Димаштың Канн кинофестиваліндегі Қазақстан павильонының ашылу рәсіміне қатысатынын айтқан болатын.


Ал, осыдан бірер апта бұрын Д.Құдайберген француз телеарнасындағы шоулардың біріне қатысып, SOS d'un terrien en detress әнін шырқады.

Соңғы жаңалықтар